1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Коронавирус жұқтырған жүкті әйел қалай айыққанын айтты28 мамыр 2020, 20:22

Фото: скрин Фото: скрин

COVID-19 вирусын жұқтырған шымкенттік жүкті әйел қалай айыққанын айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл ауруға сенбейтіндерге вирус бар екенін айтқым келеді. Бұған жауапкершілікпен қараған дұрыс. Егер сізден коронавирус анықталса, байбалам салмаңыз. Дәрігерлерге сеніп, аурудан емделіңіз", - деді тұрғын.

Шымкенттік әйел індетті күйеуінен жұқтырғанын айтады. Сонымен қатар, COVID-19 вирусын оның 10 және 2,5 жастағы балалары да жұқтырыпты. 22 сәуірде отбасы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Онда олар 2 апта емделген.

"Мен вирус әлі өмірге келмеген сәбиімнің денсаулығына қалай әсер ететінін білген жоқпын", - дейді ол.

Отбасы мүшелерінен алынған сынама ауруға теріс нәтиже көрсетіпті.

Дәрігерлер әйелді қосымша тексерістен өткізген соң оған және оның жатырындағы сәбидің өміріне қауіп төніп тұрмағанын анықтаған. Қазіргі таңда отбасы үйдегі карантинде.

Сондай-ақ, шымкенттік жүкті әйел отбасын емдеген дәрігерлерге шексіз алғысын білдірді.


Еуро бағамы 500 теңгеден асты