Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар қайдан келіп жатыр? 18 мамыр 2020, 15:44

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеме жасап, коронавирус жұқтырған қазақстандықтар көбіне қайдан келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"11-17 мамыр аралығында 1350 жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны екіден бес пайызға дейін тұрақсыз өзгеріп тұр. Олардың 80 пайызы қауіп-қатер аймағында жүргендерді скринингтен өткізу нәтижесінде анықталды. Сонымен қатар, 17 пайызы - ЖРВИ мен пневмония белгілерін байқап өздері хабарласқандар және төрт пайызы - әкелінгендер. Вирус жұқтырғандар Ресейден көп келеді, біразы Өзбекстан мен Қырғызстанға барғандар", - деді Сұлтанғазиев.
Қазір Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың саны - 6440, 3256 адам сауығып шықты, 34 адам көз жұмды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!