10 тамыз 2020 17:20

Коронавирус жұқтырған науқас 5 дәріні тегін алады - Қожахметов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов қазақстандықтар 5 тегін дәріні қалай алатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов қазақстандықтар 5 тегін дәріні қалай алатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Егер сізде коронавирус инфекциясының белгілері: құрғақ жөтел, дене қызуы байқалса, 103 нөміріне хабарласу керек. Аурудың нақты белгілері байқалмаса, бірақ ағзаңызда түсініксіз жағдайлар болса, өзіңіз тіркелген емханаға бару керек. Ал ешқайда тіркелмесеңіз, мұны тез істеуге болады. Сізде коронавирус инфекциясының расталған жағдайы болса, емханаға барып, COVID-19-ды емдеу үшін 5 дәріні тегін аласыз", - деді ресми өкіл ОКҚ-де өткен брифингте.

Сондай-ақ, Бағдат Қожахметов бұл өте маңызды екенін атап өтті.

"Осы жағдайды назарға ала отырып, үкімет әрбір дәріхананы тиісті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Яғни ауру жұқтырудың 1 миллион дерегіне дейін қарастырылған. Сондықтан сізге дәріханаға барудың қажеті жоқ", - дейді ол.

Оның айтуынша, қазақстандықтар "Парацетамол", "Ибупрофен" және "Ривароксабан", "Апиксабан", Дабигатран" антикоагулянттарын тегін ала алады.

ДСМ коронавирус және пневмония деректері неге біріктірілмегенін түсіндірді

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 99 442-ге жетті. 72 523 науқас жазылды, 1 269 адам аурудан көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети