13 сәуір 2021 11:14

"Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров тойда ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров Шымкентте той ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


"Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров Шымкентте той ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желілерде жарияланған той видеосы Шымкент қаласының "Караван" кафесінде түсірілген болып шықты. Мерекелік іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, әнші Марат Омаров кафеде қыз ұзату ұйымдастырған.

"Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік жаза қолдану үшін әкімдік пен полиция департаментіне хат жолдады.

Осы жағдай бойынша қабылданған шаралар туралы қосымша хабарлаймыз", - деп уәде берді департамент өкілдері.

Сондай-ақ, департаменттегілер "Коронавирус, кет, кет кет" орындаушысының Azattyq-ruhy.kz жариялаған тойдағы видеосын көрсетті. Кадрлардан Марат Омаров, Сабина Алтынбекова және басқа да кештің қонақтарын байқауға болады. 

Еске салайық, 2020 жылдың наурызында Марат Омаровтың "Коронавирус, кет, кет, кет" әні хит болған еді. Ол бірден әлеуметтік желілерде тарап, қолданушылар флешмоб та ұйымдастырған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети