01 сәуір 2021 15:59

Коронавирус індеті қайта өршіп барады - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирус індеті қайта өршіп бара жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирус індеті қайта өршіп бара жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары бойынша кеңес өткізіп жатыр.

"Жалпы алғанда, қазіргі жағдайымыз жақсы емес. Тіпті ахуал өте күрделі деп айтуға болады. Коронавирус індеті қайта өршіп барады. Мұны Қазақстан ғана емес, басқа да елдер басынан өткеріп жатыр. Оның негізгі себебі вирустың мутацияланған жаңа штамдары болып отыр",- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Шара барысында COVID-19-ға байланысты елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралар кешені, сондай-ақ азаматтарды вакцинациялау мәселесі қаралып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети