23 маусым 2020 19:09

"Коронавирус реагенттерден жұғып жатыр" - Алматы әкімдігі түсініктеме берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы әкімдігі арандатушы сөздерге ермеуге шақырды. Әкімдік мәліметінше, COVID-19-ға тест тапсыру кезінде сертификатталған реагенттер пайдаланылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігі арандатушы сөздерге ермеуге шақырды. Әкімдік мәліметінше, COVID-19-ға тест тапсыру кезінде сертификатталған реагенттер пайдаланылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөнендегі комиссия коронавирус инфекциясын анықтауға арналған тест тапсыру барысында реагенттерден ауру жұғу қаупі жоқ деп ресми түрде хабарлайды. Әкімдік хабарлауынша, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан Алматыда орын алған, ауру жұғыпты-мыс деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Коронавирус инфекциясына тест тапсыру кезінде тек сертификатталған реагенттер пайдаланылады. Коронавирусты диагностикалау мәселесі ерекше бақылауға алынған. Біз провокация мен алып-қашпа әңгімелердің соңында кетпей, ресми ақпарат көздеріне жүгінуді сұраймыз",- дейді Комиссия төрағасы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында COVID-19-ды анықтау тестін жүргізетін 7 зертхана: Ұлттық сараптама орталығы, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы, М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы, Орталық референс-зертхана, Medical Partners Korea Clinic қазақстандық-корейлік клиникасы, "Олимп" КДЗ, "Атакент" ҚІҚО аумағындағы модульді кешен жұмыс істеп жатыр.

Әкімдік өкілдері сараптама тапсырудың барлық пунктінде осы бағыттағы жұмыстарды реттейтін санитарлық ережелердің талаптары сақталады, қызметкерлердің биологиялық қауіпсіздікті қатаң сақтануы барлық жүргізілетін процедураның кепіл берілетінін айтады. Тест жүргізу үшін пайдаланылатын реагенттер тексерудің барлық кезеңінен өткен, соның нәтижесі бойынша, жұмыста оны Қазақстанда ғана емес, дүние жүзі бойынша қолдануға рұқсат етілген. Таңдап алу стерильді, бір реттік материалмен (зондтармен) жасалады, олар пайдаланылғаннан кейін белгіленген ережелер сәйкес пайдаға (кәдеге) асырылады. Қайтадан пайдалануға жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, референс-зертханалардың мамандарымен жасалып жатқан зерттеулердің мониторингтік бақылауы (визиты) жүргізіліп жатыр.

Комиссия өз тарапынан COVID-19-ға тексеру бойынша халыққа қызмет көрсететін жекеменшік зертханалардың басшыларын карантинді күшейту кезіндегі шараларды ұйымдастыру мен бақылау туралы: маска тағу режимінің, кезекте әлеуметтік қашықтықтың, науқастардың алдын ала жазылуы, зерттеу жүргізу үшін қан тапсыру көлемін бөлуді қосымша ескертеді.

Алматыдағы жағдай биліктің бақылауында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети