Коронавирусқа қарсы әртүрлі вакцинаны араластыруға бола ма? Бекшин жауабы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирусқа қарсы әртүрлі вакцинаны араластыруға бола ма? Бекшин жауабы Фото ©REUTERS

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы әртүрлі вакцинаны араластыруға бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы әртүрлі вакцинаны араластыруға бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, вакцинаны әртүрлі корпорациялар шығарады, олардың әрқайсы өз технологиясын ұстанады. Тиісінше, бір препараттың құрылымы екіншісіне ұқсас емес. Сонымен қатар, вакцинациядан кейін пайда болатын антиденелер де әртүрлі болады.

"Егер сіз бір корпорацияның вакцинасын алсаңыз, онда басқа вакцинаны салдыруға болмайды. Себебі әр вакцинаның құрамы әртүрлі. Сондықтан вакцинациядан кейін пайда болатын антиденелер де әртүрлі болады. Егер сіз бір вакцинаның екі дозасын алсаңыз, онда дене антиденелерді бірден таниды. Тиісінше, вакцинацияның тиімділігі артады. Pfizer, CoronaVac, Moderna және басқалардың құрылымы әртүрлі. Сондықтан бір вакцинаны екіншісімен араластыруға болмайтынын ескеру керек", - деді Бекшин.

Бұған дейін белгілі профессор Алмаз Шарман әлемде әртүрлі вакцинаны араластыру тәжірибесі танылып келе жатқанын айтқан болатын. Оның айтуынша, иммундық қорғанысты күшейту үшін екі түрлі вакцинаның компоненттерін араластыру ұсынылады. Иммунологиядағы бұл құбылыс Mix & Match деп аталады. Осылайша иммундық жүйе коронавирусты жақсы таниды және антиденелер мен жад жасушаларын шығару арқылы оларға тиімді жауап береді деп саналады.

Айта кетейік, бұл әдісті Германия канцлері Ангела Меркель қолданған. AstraZeneca вакцинасының бірінші дозасынан кейін ол Moderna вакцинасының екінші дозасын салдырған.

Бұған дейін Бекшин Алматыда жаңа қаулы жарияланатынын айтқан болатын. Бұл қалада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қабылданған шешім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети