1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның бағасы аталды 22 сәуір 2021, 14:32

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина жеткілікті болған кезде қазақстандық QazVac препараты басқа
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина жеткілікті болған кезде қазақстандық QazVac препараты басқа елдерге шығарылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Препараттың түрік зауытында құйылып жатқанын ескеріп, тілшілер Тоғжановтан "қазақстандық вакцина Түркия азаматтарына салына ма?" деп сұрады.

"Болашақта елдегі қажеттілік жабылған кезде (қазақстандық вакцина қолжетімді болады. - авт.еск.) тек Түркияға емес", - деді Тоғжанов.

Сондай-ақ, вице-премьерден қазақстандық вакцина басқа елдерге қаншаға сатылатынын сұрады. Айта кетейік, қазақстандықтар үшін вакцинация тегін.

"Оны есептейді. Ішкі есептеулеріміз бойынша 4,7 доллар деңгейінде. Түркиямен басқаша есеп жүргізіледі", - деді Ералы Тоғжанов.

Айта кейік, бүгін ҒЗИ базасында өндірілген QazVac (QazCovid-in) қазақстандық вакцинасының бірінші партиясы Қазақстан өңірлеріне жіберілгені хабарланған еді. QazVac вакцинасының 50 мың дозасы "СҚ-Фармация" хабтарына таратылып, әрі қарай еліміздің барлық өңіріне Денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына жеткізіледі.

Қазақстанда QazVac препаратымен вакцинация 26 сәуірде басталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!