10 сәуір 2020 11:05

Коронавирустан қайтыс болған тоғызыншы адам туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған тоғызыншы қазақстандыққа қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған тоғызыншы қазақстандыққа қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.

Оның айтуынша, науқас әйелдің коронавирусқа тапсырған сараптамасының нәтижесі 16 наурызда белгілі болған.

"Қосымша ауруларымен, атап айтқанда өкпенің созылмалы обструктив аурулармен, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі мен жүректің ишемиялық ауруларымен, стенокардиясымен, артериялық гипертензиясымен байланысты, ол 18 наурызда реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылды. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, жағдай полиоргандық жеткіліксіздіктің - тыныс алу, жүрек-қан тамырларының дамуымен прогрессивті нашарлады", - дейді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Әбілдаевтың айтуынша, 9 сәуірде қосымша ауруларының үдеуі аясында сағат 23.20-да қан айналымы тоқтады. 30 минут ішінде жүргізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз өтіп, сағат 23:50-де биологиялық қайтыс болғаны анықталды.

"Негізгі диагнозы - COVID-19 коронавирус инфекциясы, расталған жағдай. Екі жақты полисегментті пневмония, ауыр ағымы. Екі жақты плеврит. Өкпенің ісінуі, Лайелла синдромы", - дейді Әбілдаев.

Еске салайық, бүгін Қазақстанда тағы бір адамның коронавирустан қайтыс болғаны хабарланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети