23 шілде 2020 18:28

Коронавирустың балаларға қауіпті жаңа түрі шықты - ДСМ жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/ТҰрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/ТҰрар Қазанғапов

Мессенджерлерде белгісіз әйел қазақстандықтарды коронавирустың үшінші толқыны туралы ескерткен аудио жазбасы тарады. Денсаулық сақтау министрлігі бұл хабарламаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мессенджерлерде белгісіз әйел қазақстандықтарды коронавирустың үшінші толқыны туралы ескерткен аудио жазбасы тарады. Денсаулық сақтау министрлігі бұл хабарламаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгісіз әйелдің айтуынша, тамызда коронавирустың үшінші толқыны болады, ол балаларға қауіп төндіреді.

"Алматы және Алматы облысында балалар арасында өкпе ауруының дерегі көбейіп кетті. Дәрігерлер мұны коронавирустың үшінші толқынымен байланыстырып отыр. Сондықтан барлық жас анаға ескерткім келеді, балаларыңызды қорғаңыздар. Оларға балмұздақ және суық су бермеңіздер. Суық жерге бармаңыздар. Мен сіздерге ескертемін!

Балалардың өкпесі ауырады, іші өтеді. Оңтүстікте көптеген бала өліп жатыр. Вирус ауада жүр. Сондықтан ауылдастар, іштің ауырғанын басатын дәрі мен антибиотик сатып алыңыздар", - дейді ол.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондай-ақ, мәліметті кім таратқанын анықтау үшін ақпарат Түркістан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне, ішкі істер органдарына жіберілді.

Сіздерден әлеуметтік желідегі жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді өтініп сұраймыз. Тек ресми дереккөздеріне сеніңіздер. Жалған ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің  274 бабы бойынша жауапқа тартылатынын ескертеміз", - дейді комитет қызметкерлері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети