09 ақпан 2022 15:43

"Қорытынды жасаңыздар". Мәжілістің жаңа спикері депутаттарға ескерту жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:parlam.kz Фото:parlam.kz

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттарға Президенттің мәлімдемелерінен қорытынды шығарып, оны аймақтардағы азаматтарға жеткізу керек екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттарға Президенттің мәлімдемелерінен қорытынды шығарып, оны аймақтардағы азаматтарға жеткізу керек екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тоқтала кететін маңызды жайт бар. Кеше Мемлекет басшысы бүгінге дейін қордаланып қалған мәселелерді өткір сынға ала отырып, нақты міндеттер жүктеді. Осы міндеттердің ең маңыздысы - еліміздің әлеуетін қалпына келтіру, халықтың табысын арттыру және жақсы жағдай жасау. 

Осы мақсаттарға қолжеткізу үшін Президент бірқатар басым бағытты белгіледі - адамдардың кәсіпкерлікпен айналысуы үшін тең жағдай жасау, еңбекке қолайлы жұмыс орындарын құру, тұрғын үй және денсаулық сақтау мәселелерін шешу, инфляцияны тежеу, қосымша қаржыландыру көздерін табу және шағын және орта бизнесті дамыту. Бәріңіз таныстыңыз деп ойлаймын", - деді Қошанов Мәжіліс отырысы басталар алдында.

Ол депутаттарды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді сапалы заңдармен қамтамасыз етуге шақырды.

"Президент келеңсіз оқиғаларға да тоқталып, елімізде қарызға белшесінен батқан азаматтар мен кедейлер қатары көбейіп келе жатқанын ашық айтты. Әсіресе, табыстан, адал еңбектен үмітін үзген жастардың арасында тәуелділік пайда болғанын қатаң сынға алды.

Айтылған сөзден тиісті қорытынды жасаңыздар, әрекет етуіміз керек. Бір аптадан кейін бәріміз аймақтарға сайлаушылармен кездесуге аттанамыз. Содан кейін бұл нақты қадамдарды әрбір сайлаушыға, әрбір азаматқа жеткізуіміз керек. Елдегі проблемалар туралы біліңіздер. Өйткені, ел игілігі үшін қызмет ету - ортақ парызымыз", - деп түйіндеді сөзін Қошанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети