Қошанов: Президент Ұлы Жеңісті дәріптеуге айрықша мән береді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі/Т.Таныбаев Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі/Т.Таныбаев

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Парламент делегациясы Волгоградта "Ұлы мұра – ортақ болашақ" атты халықаралық форумға қатысты. Іс-шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Парламент делегациясы Волгоградта "Ұлы мұра – ортақ болашақ" атты халықаралық форумға қатысты. Іс-шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды.

Форумға Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Армения, Вьетнам, Куба, Моңғолия, Сербия, Словакия және басқа да елдердің Парламент делегациялары қатысты.

Қорытынды сессия Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың қатысуымен өтті.​

Форумның ашылуында сөз сөйлеген Ерлан Қошанов Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат шежіресіндегі ең қайғылы оқиғаның бірі ретінде көпұлтты Қазақстанның ортақ тарихының бір бөлігі болып қалғанын атап өтті.

"Біз осынау қасиетті жерде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында жиналып отырмыз. Бұл Жеңіс – дүниежүзілік маңызы зор тарихи оқиға. Соғысты, қаһармандарды, олардың ерлігін мәңгі есте сақтау – біздің қасиетті борышымыз. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан әрқашан тарихи шындықтың және адамзат жылнамасындағы ең қанды қасап туралы шынайы көзқарастың сақталғанын қалайды" деген сөзіне назар аударғым келеді", – деді Мәжіліс спикері.

Ол сондай-ақ Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан бойынша екі мыңға жуық еске алу, ғылыми-зерттеу, ағартушылық және басқа да іс-шаралар өткізілетінін айтты. Астанадағы әскери шеру ең ауқымды оқиға болмақ. Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің түкпір-түкпіріндегі елді мекендерде бес жүзден астам көшеге соғысқа қатысқан жергілікті қаһармандардың есімі беріледі.

Ерлан Қошанов Сталинград майданында үш жүз мыңнан астам қазақстандық жауынгер ерлікпен шайқасқанын еске салды. Солардың төртеуі – Нұркен Әбдіров, Қарсыбай Сыпатаев, Тимофей Позолотин және Ғаяз Рамаев Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Сапар барысында Мәжіліс делегациясы Мамаев қорғанындағы еске алу іс-шараларына қатысты. Мұнда депутаттар Сталинград қорғанысы кезінде ерлікпен шайқасқан қазақстандықтарға арналған ескерткішке және 1942 жылы желтоқсанда 23 жасында шайқаста ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры, қазақстандық әскери ұшқыш Нұркен Әбдіровтің ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қойды.

Суреттер: Мәжілістің баспасөз қызметі/Т.Таныбаев

"Сталинград шайқасы" музей-панорамасын аралау кезінде Ерлан Қошанов Мәжіліс атынан музейге Нұркен Әбдіровтің туған жері Қарағандыда орнатылған ескерткішінің шағын көшірмесін сыйға тартты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer