Қошанов ҰҚШҰ парламентшілеріне киберқылмыспен күресті күшейтуді ұсынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ж.Жұмабеков Фото: Ж.Жұмабеков

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты. Жиын Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында өтті.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты. Жиын Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында өтті.

Іс-шара басталар алдында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Парламент делегацияларының басшыларын қабылдады. Ол ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының Ұйым қызметін заңнамалық тұрғыда қолдаудағы рөлін жоғары бағалап, отырыстың табысты өтуін тіледі.

Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінде сөйлеген сөзінде Жогорку Кенеш Төрағасы Нурланбек Шакиевке 2025 жылы Қырғыз Республикасының Ұйымға төрағалығы аясындағы басымдықтарды жемісті жүзеге асыруына тілектестік білдірді.

Қазақстан делегацияның басшысы әріптестерінің назарын ҰҚШҰ-ға мүше елдерде есірткінің заңсыз айналымы мен интернет алаяқтықтың өсуіне аударды. Ол мұндай жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы заңнамалық тосқауыл қою үшін күш біріктіруге шақырды. Мәжіліс төрағасы миллиондаған адам осы қылмыстың құрбанына айналатынын, ал ұйымдастырушылары көбіне шетелден әрекет ететінін атап өтті.

"ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы синтетикалық есірткі мен киберқылмысқа қарсы іс-әрекет саласында ортақ құқықтық кеңістік құруға ықпал ете алады. Қазақстан депутаттары осы жұмысқа белсене атсалысуға дайын. Бұл мәселелерде бізде бұрыннан қалыптасқан құқықтық тәжірибе бар. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша есірткі қылмыстарына қатысты жауапкершілік заңнамалық тұрғыда едәуір күшейтілді. Биылғы Парламенттік сессияның соңына дейін интернет алаяқтық үшін де жауапкершілікті заң жүзінде қатаңдатуды жоспарлап отырмыз", – деді Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы ҰҚШҰ-ға мүше елдердің депутаттарын Ауғанстандағы жағдайды үнемі назарда ұстауға шақырды. Оның айтуынша, елдегі ахуал тұрақтанып келеді.

Ерлан Қошанов Қазақстан тарапының Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасын нығайту қажеттігі жөніндегі ұстанымын білдірді. Астанадағы саммитте қабылданған ҰҚШҰ-ның мақсатты мемлекетаралық бағдарламасы да осы мәселені шешуге бағытталған. Екінші маңызды міндет ретінде Ауғанстанға көмек көрсету және елдегі өзекті гуманитарлық мәселелерді шешу үшін халықаралық күш-жігерді біріктіруді атап өтті.

Мәжіліс төрағасы дәл осы мақсатта Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығы құрылғанын еске салды.

Іс-шара аясында Парламент делегацияларының басшылары Бішкектегі Жеңіс монументіндегі Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Суреттер: Мәжілістің баспасөз қызметі/Ж.Жұмабеков.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer