Қосшы Нұр-Сұлтанға қосыла ма? Алтай Көлгінов жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қосшы Нұр-Сұлтанға қосыла ма? Алтай Көлгінов жауап берді Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Қосшы ауылын елордаға қосу туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Қосшы ауылын елордаға қосу туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қосшы ауылы кеңейіп келеді. Біз Ақмола облысы әкімдігімен тығыз қарым-қатынастамыз. Былтыр карантин кезінде Қосшыны блокбекеттер шеңберіне қостық. Өйткені тұрғындардың басым бөлігі қалада жұмыс істеп, оқып, ем алады. Қаладағы барлық қызмет Қосшы тұрғандары үшін қолжетімді. Ешкім одан шектемейді", - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі халыққа есеп беру кездесуінде.

Сонымен қатар, әкім қала маңында мұндай бірнеше елді мекен барын атап өтті.

"Урбанизация жүйесінде "агломерация" ұғымы бар. Яғни, қала айналасында елді мекендер пайда болады. Бұл заңды құбылыс. Жалпы қала аумағында мұндай 16 елді мекен бар. Онда 300 мыңға жуық адам тұрады.

Қазіргі уақытта Қосшыны қалаға қосу жоспарда жоқ. Себебі, қалада тұрғын үй алаптарына байланысты көптеген мәселе шешілмей тұр. Аймақ, қала ретінде жұмыс істей беруге дайынбыз", - деді Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қосшы облыстық маңызы бар қала мәртебесіне лайық деп хабарлаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети