24 ақпан 2020 12:21

Қосшы қала мәртебесіне лайық - әкімдік

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысындағы Қосшы ауылына қала мәртебесі берілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысындағы Қосшы ауылына қала мәртебесі берілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алдын ала мәлімет бойынша Қосшы ауылында халық саны 50 мың адамнан асады, бұл қала мәртебесіне лайық. Осы мәселені шешу мақсатында премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бастаған топ жұмыс істеп жатыр", - делінген Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдрысовтың Tengrinews.kz редакциясы жолдаған ресми сауалхатқа берген жауабында.

Бірақ, Ақмола облысы әкімінің орынбасары әзірше жыл соңына дейін өзгерістер болмайтынын айтты. Оның айтуынша, бұл мәселе халық санағы аяқталған соң жүзеге асырылады.

Еске салайық, былтыр сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы ауылына жұмыс сапарымен барған болатын. "Статистикалық мәлімет бойынша кент 16 мың адамға есептелген. бірақ іс жүзінде 50 мыңнан астам халық тұрады. Бұл ауданның әлеуметтік саласына үлкен салмақ түсіреді. Аталған мәселені облыс басшылығымен талқылап, жүйелі түрде шешетін боламыз", - деген еді Тоқаев.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети