20 қаңтар 2022 11:19

Қостанай әкімі аппарат басшысының жүргізушісі қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтіргенін растады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай қаласының әкімдігі /Сурет gov.kz сайтынан Қостанай қаласының әкімдігі /Сурет gov.kz сайтынан

Қостанай әкімі аппарат басшысының жүргізушісі қызметтік Toyota-Camry көлігімен әйелді қағып өлтіргенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.


Қостанай әкімі аппарат басшысының жүргізушісі қызметтік Toyota-Camry көлігімен әйелді қағып өлтіргенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 15 қаңтар күні сағат 8.30 шамасында Маяковский көшесінде болған. Toyota-Camry қызметтік көлігінің тізгінінде 1997 жылы туған азамат болған. Жүргізуші бағдаршамның сары түсіне өтіп кетіп, әйелді итімен бірге қағып кеткен. Ит бірден өліп, 1970 жылы туған әйел ауруханаға жеткізіліп, кейін ол да қайтыс болды.

"НГ" оқырмандары көлікті әкімдіктің жүргізушісі, дәлірек айтсақ, Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы Вера Клочкоға бекітілген қызметтік көлік жүргізушісі тізгіндегенін хабарлады.

"Аталған автокөлік "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" ММ тізімінде тұр, оны басқалармен қатар аппарат басшысы да пайдаланады. Қазіргі уақытта бұл жүргізуші уақытша жұмыстан шеттетілді. Төтенше жағдай режимі кезеңінде 10.01.2022 мен 19.01.2022 аралығында қалалық әкімдік қызметкерлері үшін бекітілген кезекшілік кестесіне сәйкес, 15 қаңтарда автокөлікті әкім аппаратының басшысы В.В. Клочконы тасымалдау үшін пайдаланған", - деді Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов.

"Апат кезінде Вера Клочко қызметтік көлікте болды ма" деген сұраққа Ахметов жоқ деп жауап берді. Және ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес ішкі істер органдарының тиісті бөлімшелері тексеру жүргізетінін айтты.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу мәліметтері ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети