26 қазан 2015 13:40

Қостанай әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Top-news.kz © Top-news.kz

Қостанай қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып Ерлан Теменов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып Ерлан Теменов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 қазанда аппарат жиынында Қостанай әкімі Базыл Жақыпов Ерлан Теменовті әкімнің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі орынбасары ретінде таныстырды. Әкімнің баспасөз қызметінің мәліметінше, Теменов 1971 жылы туылған, Алматы зооветеринарлық институтын зооинженер мамандығы және Қарағанды экономикалық университетін есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген. 

1993 жылы әкімнің жаңа орынбасары мемлекеттік қызметке орналасып, 2010 жылға дейін Арқалық, Ұзынкөл, Қарабалық аудандарында және Қостанай облысының Арқалық қаласында, Ақмола облысының Ерейментау ауданында түрлі қызметте болды. Бұған дейін ол Арқалық қаласы әкімінің экономикалық мәселелер бойынша орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетейік, Қостанай әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары Фрунзик Аракелян қызметтік бабын теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталған болатын. Ол 300 мың теңге көлемінде пара алған болуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети