29 маусым 2021 15:08

Қостанай әкімінің орынбасары вакцинацияға байланысты жазаланады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жедел штаб отырысында қала және аудан басшыларын вакцинация қарқыны төмендігіне байланысты сынға алды, - деп хабарлайды "Алау".


Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жедел штаб отырысында қала және аудан басшыларын вакцинация қарқыны төмендігіне байланысты сынға алды, - деп хабарлайды "Алау".

Мұхамбетовтың айтуынша, халықты вакциналау ең аз қамтылған қалалар: Қостанай, Лисаков, Рудный және Жітіқара.

"Рудный, Лисаков және Жітіқара аудандарының әкімі осы мәселе бойынша тәртіптік жауапқа тартылуына байланысты, бүгін халықты вакциналау мәселесіне жетекшілік ететін Қостанай қаласы әкімінің орынбасарына қатысты шешім шығарамыз. Бүгін маған есеп береді. Оған шара қолданыңыздар. Келесі жолы халықты қамту орташа облыстық көрсеткіштен төмен болса, халықты вакциналау мәселесіне жетекшілік ететін қалған орынбасарлар, қала және аудан әкімдері жауапқа тартылады", - деді облыс басшысы.

Архимед Мұхамбетов мониторинг топтарының жұмысына да көңілі толмайтынын айтты. Олар 2 237 тексеру жүргізіп, карантин шараларын бұзған 97 нысанды анықтаған. Қостанай және Рудный қалаларында, сондай-ақ Сарыкөл және Әулиекөл аудандарында мониторинг топтары белсенді жұмыс істеп жатыр. Алайда Алтынсарин, Денисов, Қамысты және Науырзым аудандарында бірде бір дерек тіркелмеген. 

"Менің ойымша, жұмыс жүріп жатқан жоқ. Сізге бір апта уақыт беріледі, нысанның барлығы Ashyq-қа қосылу керек", - деді Архимед Мұхамбетов.

Қала және аудан әкімдеріне Мұхамбетов еңбек ұжымдары мен білім беру саласының қызметкерлеріне ерекше назар аударуды ұсынды, өйткені жаңа оқу жылында оқушылар мектептен оқиды.

Айта кетейік, 29 маусымда Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Қостанай облысы "сары" аймақта орналасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети