09 шілде 2020 09:40

Қостанай қаласының әкімі коронавирус жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Ахметов / Instagram Қайрат Ахметов / Instagram

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы қала басшысы Instagram желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы қала басшысы Instagram желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайрат Ахметов коронавирусты анықтау арналған тест нәтижесі оң болғанын, сондықтан оқшауланатынын айтты. Алайда қала басшысы жұмысын қашықтан істейтінін хабарлады. 

"Осыған орай, қала тұрғындарын белгіленген барлық талаптар мен қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Біздің міндетіміз - шыдамдылық танытып, тазалыққа үлкен мән беру, өз отбасымызды қауіп-қатерден қорғау. Мұндай қиын жағдайда өз денсаулығын қорғауға саналы түрде қарау керек. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!", - деді Қайрат Ахметов. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кайрат Ахметов (@akhmetov_ka)

Еске салайық, бұған дейін 24 маусымда Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын. Ал 7 шілдеде облыс әкімі аурудан айыққанын хабарлады.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети