Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қостанай қаласының әкімі қызметінен босады

13 Маусым 2014, 18:43
0
Ғауез Нұрмұхамбетов. ©kostanay.gov.kz
Ғауез Нұрмұхамбетов. ©kostanay.gov.kz

Қостанай қаласының әкімі Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов қызметінен босады, - деп хабарлайды "Алау".

Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовтың мәлімдеуіне қарағанда Нұрмұхамбетовқа Президент Әкімшілігі жанындағы мемлекеттік инспектор қызметі ұсынылған. "Қазірдің өзінде тиісті бұйрық шығып үлгерді. Нұрмұхамбетов мырза 2014 жылғы 16 маусымнан бастап, Президент Әкімшілігі жанындағы мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметіне кіріседі. Бүгіннен бастап ол қазіргі қызметінен босатылды", - деді Сәдуақасов.

Басқарма өкілдері, әкімдік қызметкерлері мен депутаттар алдында облыс басшысы Нұрмұхамбетовқа бірге атқарған қызметі үшін алғысын білдірді.

Атап өтейік, Ғауез Нұрмұхамбетов 2002 жылғы қазаннан 2008 жылғы қаңтарға дейін – Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімі. 2008 жылғы қаңтардан 2009 жылғы ақпанға дейін - Қостанай облысы Қостанай қаласының әкімі. 2009 жылғы сәуірден 2011 жылғы маусымға дейін Қостанай қаласында «ПТК «Содружество» ЖШС бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.  2011 жылғы маусымнан 2012 жылғы ақпанға дейін – Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі. 2012 жылғы ақпанда Қостанай қаласының әкім болып қайта тағайындалған болатын.

 

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай