28 шілде 2016 11:06

Қостанай облысында болған ірі жол апатынан ресейлік екі азамат қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ/ "Айна" газеті ҚР ІІМ/ "Айна" газеті

Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы Алматы - Екатеринбург тас жолында болған жантүршігерлік жол апатынан үш қазақстандық азамат пен екі ресейлік азамат қаза тапты. Ал тағы бір қаза тапқан адамның кім екені анықталып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.


Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы Алматы - Екатеринбург тас жолында болған жантүршігерлік жол апатынан үш қазақстандық азамат пен екі ресейлік азамат қаза тапты. Ал тағы бір қаза тапқан адамның кім екені анықталып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Оның айтуынша, ірі жол апаты 27 шілдеде жергілікті уақыт бойынша 18.00-де ресейлік шекараның маңында болған. Iveco Magirus автомобилі Қостанайдан Ресеймен шекараға келе жатып, қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен, сөйтіп ол Kia Granbird рейс автобусымен соғысқан.

Автобуста 44 жолаушы мен 2 жүргізуші болған. Жол апатының салдарынан алты адам қаза тапты. Олардың бірі 12 жастағы бала. Ал зардап шеккендердің саны - 31. Олардың екеуі кішкентай бала, 28 жолаушы, екі автобус жүргізушісі мен жүк көлігінің жүргізушісі. Оқиға орнынан 37 адам эвакуацияланып, 10 адам жол-жөнекей көліктермен кетті. Медициналық көмекке мұқтаж емес 17 азамат ауруханадан үйлеріне жеткізілді. Ал сегіз адам арнайы көлікпен Қостанай облыстық ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, оқиға орнында ТЖД қызметкерлері, прокуратура өкілдері, полиция қызметкерлері мен облыстың денсаулық сақтау басқармасындағылар болды. "Моральдық-психологиялық көмек көрсету мақсатында жол апатынан зардап шеккендерге, қаза тапқандардың туыстарына психологтар қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Жедел желі де жұмыс істейді: (8 714 2 50-36-24). 41 хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта Қарабалық аудандық орталық ауруханада ТЖД психологтары жұмыс жасап жатыр. Айта кетейік, ауруханада 12 азаматқа психологиялық көмек көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК өкілдері. Осы дерек бойынша жедел-тергеу шаралаы жүріп жатыр.

Еске салайық, кеше 27 шілдеде Қостанай облысында болған жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети