05 қыркүйек 2022 08:57

Қостанай облысындағы өрт агроөнеркәсіп кешеніне айтарлықтай зиян келтірген жоқ - АШМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР АШМ Қостанай облысындағы өрт агроөнеркәсіп кешеніне айтарлықтай зиян келтірмегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР АШМ Қостанай облысындағы өрт агроөнеркәсіп кешеніне айтарлықтай зиян келтірмегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысындағы өрт салдарынан Қарасу ауданының Люблинка ауылында және Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында 12 бас ІҚМ, 118 бас шошқа және 261 бас құс қырылған.

Қостанай облысы әкімдігінің және ҚР ТЖМ мәліметінше, орман өртінен азын-аулақ ауыл шаруашылығы дақылдарының зардап шеккен егістік учаскелері бар. Бірақ, алқаптар жаппай жойылған жоқ. Атап айтқанда, Қарабалық ауданында 17 гектар егін өртенген. Меңдіқара ауданында 1 гектар дәнді дақыл алқабына зақым келген. Өртенген дақылдың көлемі нақтыланып жатыр.

Айта кетейік, өңірдегі жалпы егіс алқабы - 5,3 миллион гектар, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар  - 3,9 миллион гектар, бидай - 3,5 миллион гектар және майлы дақылдар - 749,1 мың гектар.

Сондай-ақ, өңір әкімдігі 3 қыркүйекке дейін 1,8 миллион гектар немесе егіс алаңының 45,3 пайызы, 1,8 миллион тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети