07 қыркүйек 2022 17:24

Қостанай облысындағы өрт: қазақстандықтар жинаған ақша қалай және қайда жұмсалады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар бірнеше күнде өрттен зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарын қолдауға жарты миллиард теңгеге жуық қаржы жинады. "Қайырымдылық KZ" қорының құрылтайшысы Гүлмира Қапенова жиналған ақша қалай және не үшін жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар бірнеше күнде өрттен зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарын қолдауға жарты миллиард теңгеге жуық қаржы жинады. "Қайырымдылық KZ" қорының құрылтайшысы Гүлмира Қапенова жиналған ақша қалай және не үшін жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қор қазақстандықтар жинаған қаржы жұмсалатын үш маңызды бағытты нақтылады.

"Бірінші бағыт - бұл адамдар. Біріншіден, қор қаражаты бүгінде халықтың мүлкінен, баспанасынан, малынан айырылу, денсаулығына нұқсан келтіру және т.б. байланысты барлық мәселені шешуге бағытталады. Бірінші міндетіміз – зардап шеккендерге көмектесу", - деді Қапенова.

Ол бірінші бағыттың қанша уақыт іске асырылатыны белгісіз екенін түсіндірді. Ол өрттен зардап шеккендердің бәрі өз мәселесін шешіп, ештеңеге мұқтаж болмаған кезде ғана аяқталады.

"Екінші бағыт – елді мекендерді қалпына келтіру", - деді Гүлмира Қапенова.

Үшінші бағыт, оның айтуынша, ауылдарды көгалдандыру. Екінші бағыттағы барлық мәселе жойылса, қор жасыл желектерді қалпына келтірумен айналысады.

Ол көмек алу үшін азаматтарға әкімдіктерге хабарласуға кеңес берді. Қордың құрылтайшысы өрттен зардап шеккендерге ешкім қолма-қол ақша таратпайтынын айтты. Мысал ретінде Гүлмира Қапенова үйге жөндеу қажет болса, мердігерлер еңбегін қор төлейтінін айтты.

Қор құрылтайшысы өрттен зардап шеккендерге Үкімет басшысы уәде еткен үйді салуға қордан ақша жұмсалмайтынын атап өтті.

Журналистер Президенттің өрттен зардап шеккендерге билік тарапынан жиһаздар және тұрмыстық техника қамтамасыз етілетініне де уәде бергенін еске алды. Гүлмира Қапенова мұнымен қор айналысатынын түсіндірді.

"Бұл да біздің қордың бір бағыты болмақ. Комиссия шешім қабылдаса, бұл ақшаны бізден сұрайды, қарастырып, қаржы бөлеміз", - деді Қапенова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети