Қазақстанның бірнеше интернет-сайтының ұжымы өз табысының бір бөлігін Қостанай облысындағы өрт кезінде зардап шеккендерге және баспанасынан айырылғандарға көмек ретінде беруді ұйғарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның бірнеше интернет-сайтының ұжымы өз табысының бір бөлігін Қостанай облысындағы өрт кезінде зардап шеккендерге және баспанасынан айырылғандарға көмек ретінде беруді ұйғарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz, alashainasy.kz секілді интернет-сайт редакциялары, сондай-ақ, "Жұлдыз" және "Ретро" радиостанциялары бір апталық табыс сомасын Қостанай облысының тұрғындарын қолдау үшін құрылған арнайы қорға жібереді.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында көлік, пойыз қозғалысы қайта жанданғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, ТЖМ өкілі өрт кезінде он адам зардап шеккенін айтты.
Кейінірек ТЖ министрі Юрий Ильин 86 жастағы ер адамның денесі үйінді астынан табылғанын мәлімдеді. Ал өрт аумағы 43 мың гектарға жеткен еді.
ТЖ басшысы Мемлекет тарапынан Қостанай облысында орман өрті кезінде зардап шеккен үйлерді тез арада қалпына келтіруге көмек көрсетілетінін айтқан болатын. Сонымен қатар, өрт сөндіруге Қарулы Күштер жұмылдырылды. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы көмек көрсету акциясын ұйымдастыратынын жариялады. Halyk bank Қостанай облысында орман өрті кезінде үйлері өртеніп кеткен отбасылар банктен миллион теңге көмек ала алатынын айтып, банк басшылығы үйлері жанып кеткен адамдардың Halyk Bank-тегі несиелерін есептен шығару туралы шешім қабылдады.
Қару-жарақ дүкенінде 3 қыркүйекте шыққан өрттен қаза болғандар саны 4 адамға жетті. Бас прокуратура Қостанай облысындағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғады.
Сондай-ақ, ТЖМ Қостанай облысы ормандарында өртсөндірушілер тілсіз жаумен қалай күресіп жатқанын көрсететін сурет, видео жариялаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!