04 қыркүйек 2022 12:36

Бас прокуратура Қостанай облысындағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖМ ТЖМ

Қостанай облысының Әулиекөл, Ұзынкөл және Қарабалық аудандарында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қостанай облысының Әулиекөл, Ұзынкөл және Қарабалық аудандарында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, төрт елді мекенде (Аманқарағай ауылы, Озерное, Калинино және Лесное) алдын ала мәлімет бойынша 108-ге жуық тұрғын үй мен ғимарат бүлінген. Келтірілген залал мөлшері анықталып жатыр.

Сондай-ақ, Аманқарағай ауылының тұрғыны - 1936 жылы туған М.И. Бабенко қаза тапқаны белгілі болды. Сонымен қатар, 3 қыркүйекте Қостанайда "Оружейная палата" дүкені өртенген болатын. Соның салдарынан дүкеннің жеті қызметкері зардап шегіп, үшеуін күйік шалып, ауруханаға жатқызылған, ал төртеуі қаза тапқан.

Осы деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 204-бабы 2-бөлігі (отпен абайсыз жұмыс iстеу арқылы ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірілген іс-әрекет), 341-бабы 1-бөлігі (ормандарды жою), 292-бабы 3-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша соталды тергеп-тексеру әрекеттері басталған. Тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауына алынған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети