15 маусым 2016 16:46

Қостанай облысының әкімі табысын жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nurotan.kz © nurotan.kz

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов табысын жария етті. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының сайтында айтылады. Жылдың қорытындысы бойынша төрағаның жалпы табыс көлемі 15 360 285 теңге сомасын құрағаны айтылады.


Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов табысын жария етті. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының сайтында айтылады. Жылдың қорытындысы бойынша төрағаның жалпы табыс көлемі 15 360 285 теңге сомасын құрағаны айтылады.

Облыс әкімінің иелігінде Ақтөбе қаласында пәтер бар. Мәлімет "Өзіңнен баста" акциясының аясында жарияланып отыр. Партия мұндай акцияны жыл сайын өткізіп отырады. "Партияның "Өзіңнен баста" акциясын іске асырудың мақсаты - мемлекеттік орган басшылары мен мемлекеттік қызметшілерге халық сенімін арттыру, олардың табыстарының ашықтығын қамтамасыз ету", - делінген хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков табыс мөлшерін жария еткен болатын. Құжаттағы мәліметке сүйенсек, облыс әкімінің жалақысы - 953 260 теңге. Жалақы мөлшері жөнінен екінші орында әкімнің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев тұр. Ол 669 780 теңге жалақы алады екен. Әкімнің басқа орынбасарлары: Жандос Әбішев - 630 381 теңге, Әнуар Ахметжанов - 549 662 теңге, Андрей Ляпунов - 525 638 теңге, Шагурашид Мамалинов - 644 796 теңге және Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы Жанат Ысқақов 630 381 теңге алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети