27 сәуір 2016 10:17

Қарағанды облысы әкімінің қанша жалақы алатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Liter.kz © Liter.kz

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков табыс мөлшерін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков табыс мөлшерін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әбдібеков пен облыстағы басқа да шенеуніктердің жалақысы туралы мәлімет әкімдік сайтында жарияланды. Құжатта мәліметтің "Өзіңнен баста" атты акция аясында жария етілгені айтылады.

Құжаттағы мәліметке сүйенсек, облыс әкімінің жалақысы - 953 260 теңге.

Жалақы мөлшері жөнінен екінші орында әкімнің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев тұр. Ол 669 780 теңге жалақы алады екен. Әкімнің басқа орынбасарлары:  Жандос Әбішев - 630 381 теңге, Әнуар Ахметжанов - 549 662 теңге, Андрей Ляпунов - 525 638 теңге, Шагурашид Мамалинов -  644 796 теңге және Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы Жанат Ысқақов 630 381 теңге алады.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды қаласы әкімдігінің ресми сайтында аппараттың және қаланың мемлекеттік мекемелерінің бірінші жетекшілерінің табыстары мен мүліктері жайлы мәлімет пайда болған еді. Әкімдік сайтындағы мәліметтерге қарағанда, қала әкімі Нұрлан Әубәкіровтің өткен жылдағы табысы - 7,646 миллион теңге. Болжам бойынша, Қарағанды қаласының әкімі ай сайын шамамен 630 мың теңге жалақы алады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети