03 сәуір 2020 20:22

Қостанай облысының тұрғыны ауруды қайдан жұқтырғаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында коронавирус жұқтырған науқас Мысырдан келген. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қостанай облысында коронавирус жұқтырған науқас Мысырдан келген. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгін Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған бір адам анықталды. Ол - 1991 жылы туған әйел. 22 наурызда "Шарм-әл-Шейх-Алматы" рейсімен ұшып келген. Оны және Қостанай облысының тағы 4 тұрғынын тексеру барысында вирус анықталған жоқ. Осылайша, олар "Отар" станциясынан пойызға отырып, үйіне бағыт алған. Алматыдағы мамандардан ақпарат түскен соң, Қостанай облысының жауапты органдары тиісті шараны қабылдады" - деді ол "Хабар 24" телернасында өткен онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, қауіпті індетпен байланыста болғандардың барлығы бақылауға алыныпты.

"Олармен байланыста болған барлық жолаушы, жолсерікті қосқанда 10 адам оқшауланды. Ауруханаға жатқызу кезінде олардан алынған талдау теріс нәтиже көрсетті. Бірақ кейін алынған талдау әйелде оң нәтиже, қалғандарында теріс нәтиже көрсетті. Қазіргі таңда эпидемияға қарсы тиісті шаралар қабылданып жатыр", - деді Жүндібаев.

Осыған дейін Қостанай облысында коронавирус жұқтырған алғашқы науқас тіркелгенін жазғанбыз.

Елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 460-қа жетті. 29 науқас айықты, 3 адам қайтыс болды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі коронавирус пандемиясына байланысты елімізде діни мерекелер тойланбайтынын айтқан

Сонымен қатар, бүгін қорғаныс министрі қазақстандықтардың неге әскерге шақырылғанын түсіндіріп, олардың немен айналасытынын айтып берген. 

2 сәуірде Қазақстан Президентінің әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы қаулысы жарияланды.

Сондай-ақ, бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматыда демалыс аптасы ұзарды. 

Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети