28 мамыр 2023 | 12:38

Қостанай тұрғыны қызы аквапаркте жарақат алғанын мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Қостанай тұрғыны қызы жергілікті танымал аквапаркте жарақат алғанын айтты. Әйел оқиға туралы әлеуметтік желіде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай тұрғыны қызы жергілікті танымал аквапаркте жарақат алғанын айтты. Әйел оқиға туралы әлеуметтік желіде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Татьяна Тарасова Қостанайдағы ойын-сауық кешеніндегі демалыста баласы жарақат алғанын айтады - қыз өкшесін кесіп алған.

"26 мамырда өте жағымсыз жағдай болды. Біз бір күн күттік, бірақ саябақ директоры бізбен байланысқа шықпады. Қостанай аквапаркінде жүріп бала жарақат алды. Бассейндегі қоршауға өкшесін кесіп алған", - деді Тарасова.

Әйелдің айтуынша, қыз жағадан түсіп, жүзбек болған кезінде аяғын кесіп алған.

"Әкімшілермен тексеру кезінде өткір темірді тауып алдық. Кеше бір тігіс салмақ болды, біз бас тарттық. Таңып қоюға болатын болса, неге тігеді. Бұл оған қосымша стресс болар еді. Қазір күнделікті барып тұруымыз керек. Оған қоса, антибиотиктер ішу керек, өйткені темір үлкен болды. Ешкім жарақат алмас үшін олар темірді ауыстырады деп сенемін", - деді Қостанай қаласының тұрғыны Instagram stories-те.

Әйелдің айтуынша, басшылық бұл оқиғаға ешқандай әрекет жасамаған және кешірім де сұрамаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети