Қостанайда банк күзетшісі 87 жастағы зейнеткерді "мектепте дұрыс оқымағансың" деп сөккен - БАҚ

17 Ақпан 2017, 10:05
2
Қостанайда банк күзетшісі 87 жастағы зейнеткерді "мектепте дұрыс оқымағансың" деп сөккен - БАҚ -

Қостанайда ірі банктің филиалының қызметкерлері соғыс ардагерінің 87 жастағы жесірі - тыл ардагерін жаза алмағаны үшін мазақ қылған. Бұл туралы "ВКонтакте" желісіндегі "Костанай. Отзывы о заведениях" парақшасында облыс орталығының тұрғыны Айгүл Қабықова айтып берді, - деп хабарлайды Qostanay.TV.

"Сәлеметсіздер ме, Халық банкіне шағымымды жариялаңыздаршы. Бұл бассыздық және сұмдық. Бүгін 87 жастағы әжеммен құжат алуға барғанбыз. Жаңа құжат банкте дайын болыпты. Бұл құжат зейнетақы алу үшін қажет. Әжем қол қоя алмағандықтан, менеджерлер бірден бөлім басшысына жіберді. Әжеме қол қойып беріңіз деді, 5-6 рет жазып көрді. Жасы жетіп, нашар көретініне, қол қоя алмағанына кінәлі емес қой. Қол қойып жатқан кезінде бөлім басшысы үстінен күліп тұрды... Біз оның кабинетінде отырғанбыз. Күйеуім оның аты-жөні көрсетілген тақтайшасын суретке түсіріп алды, сөйтсек бөлім басшысы күзетшіні шақыртып, дөрекі сөйлеп, суретті өшіруді талап етті. Әжем қол қоя алмаған соң бізді кабинеттен қуып шықты. Бірақ біз нотариусты күтіп отырғанбыз. Басшысының өзі нотариусты шақыртқан. Күзетші дереу бэйджін жасырып қойды. Әжем СОҒЫС АРДАГЕРІ. Оның қан қысымы 180-ге дейін көтеріліп кетті. Жедел жәрдем шақырттық. Күзетші болса әжемізді мектепте дұрыс оқымаған деп айтты. Менеджерлер тағы да күлді...", - делінген шағымның мәтінінде.


Алтын Қабықова. © vk.com

Қолданушылар банк қызметкерлерінің ісін сөкті. Кейін банктің бас кеңсесінің қызметкерлері де пікір жазды: "Сәлеметсіз бе! Қызмет көрсету кезінде туындаған жағдай үшін кешірім сұраймыз. Бұл шағымды өндіріске алдық. Біз міндетті түрде сараптама жүргіземіз!", - деп уәде етті қаржы мекемесіндегілер.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай