03 тамыз 2023 09:26

Қостанайда найзағай түсіп, астық қоймасы қирады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Фото: ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті

Қостанайда астық қоймасына найзағай түсіп, құрылым бөлініп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.


Қостанайда астық қоймасына найзағай түсіп, құрылым бөлініп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

1 тамызда сағат 21.50 шамасында "Компания САЛАМАТ" ЖШС диірмен кешенінің аумағында құрылыстар құлады (екі астық қоймасы).

"Алдын ала ақпараттарға сәйкес құрылыстарға найзағай тиген. Бұл жағдай авария ретінде тіркелді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Барлық қатысы бар адамдар анықталғаннан кейін департамент аварияны тергеу жөніндегі комиссия құрады.

Тергеу нәтижелері қосымша хабарланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети