03 қыркүйек 2022 16:57

Қостанайдағы алапат өрт: Қару-жарақ дүкенінің директоры ауруханаға түсті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда өрт шыққан қару-жарақ дүкенінің директоры ауыр халде ауруханада жатыр. Оның денесінің 50 пайызын күйік шалған. Бұған дейін жертөледе қамалып қалғаны айтылған қызметкерлердің жағдайы әзірге белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанайда өрттің аумағы ұлғайды. Оның аумағы екі мың шаршы метрден асып кеткен. Қазір өрт сөндірушілер ғимаратта басқа адамның бар-жоғын тексеріп жатыр.

"Қазіргі уақытта өрттің аумағы 2500 шаршы метр болды. Қару-жарақ қоймасында зардап шеккендердің бар-жоғын барлау үшін жеке құрам сауыттармен және қалқандармен жабдықталған", - деп мәлімдеді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіні.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Жағдайды аптап пен қатты жел қиындатып отыр. Сондай-ақ өрт тұтану ошағына жақын орналасқан 8 жеке үйді шарпыған.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайдағы "Оружейная палата" дүкенінде өрт болып жатыр деген хабарламалар тараған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети