Қостанай облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына атышулы "әкімдік ісі" бойынша материалдар келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаланың экс-шенеуніктері мен ірі кәсіпкерлерінен тұратын 8 адам, яғни Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов, оның бұрынғы орынбасары Мақсұт Қалиев, екінші экс-орынбасар Фрунзик Аракелян, ТҮКҚ бөлімінің бұрынғы басшысы Жеңіс Шинкин пара алды және пара берді деген күдікпен ұсталған еді.
Бұған дейін Ахметжановтың үй қамауындағы мерзімі 2016 жылдың 8 қаңтарына дейін (қамауда ұстау мерзімі - 4 ай), Қалиевтің тергеу изоляторындағы мерзімі 1 қаңтарға дейін (жалпы мерзім - 5 ай), Аракеляндыкі 3 қаңтарға дейін (жалпы мерзім - 5 ай), ТҮКҚ бөлімінің бұрынғы басшысы Жеңіс Шинкиннің қамаудағы мерзімі 5 қаңтарға дейін (жалпы мерзім - 7 ай) ұзартылған болатын.
Сонымен қатар, кәсіпкер Леонид Васильев пен Сергей Биктибаевты қамауда ұстау мерзімі 6 қаңтарға дейін (жалпы мерзім - 4 ай), Гагик Овнанян - 1 қаңтарға дейін (жалпы мерзім - 5 ай), Сергей Бобровныйдың қамаудағы мерзімі 5 қаңтарға дейін (жалпы мерзім - 7 ай) ұзартылды.