07 сәуір 2021 09:46

Қостанайдың шет аймақтарын еріген қар суы басып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: kstnews.kz Фото: kstnews.kz

Қостандайда полигондағы қар еріп, "Текстильщики-1" саяжай кооперативіндегі көп үй су астында қалған. Құтқарушылар адамдарды эвакуациялауға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Костанайские новости".


Қостандайда полигондағы қар еріп, "Текстильщики-1" саяжай кооперативіндегі көп үй су астында қалған. Құтқарушылар адамдарды эвакуациялауға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Костанайские новости".

Жергілікті тұрғындар су деңгейі шамамен 40 сантиметрге дейін көтеріліп, көбейіп бара жатқанын хабарлады. Олардың айтуынша, саяжайлар 2012 жылдан бері жыл сайын су астында қалады. Себебі мердігерлер қаладан шығарылған қарды полигонға тасиды.

"Мұнда бір әйел тіпті кешеден бері үйінен шыға алмай отыр. Балаларына су да әкеле алмайды. Көпірдің астыңғы жағындағы саяжай аумағы толығымен су астында қалды. Құтқарушылар қажет болған жағдайда адамдарды эвакуациялайды дейді. Бірақ онда адамдар қала алмайды. Түнейтін жерлері болмаса оларды өз үйіме кіргізе аламын", - дейді қоғам төрағасы Анна Кривова.

Фото: kstnews.kz/Сергей Миронов

Оның айтуынша, адамдар түн ортасына дейін су ағызып, бөгет салған.

"Су төргі бөлмеге дейін кірді. Үйге бару үшін теміржолмен өтеміз, әйтпесе жүру мүмкін емес. Кішкентай балаларымыз бар. Үйдегі техниканы жоғары көтеріп қойдық. Кез келген уақытта туыстарымызға кетуге дайынбыз. Тұрғындар бөгет салуға тырысты, бірақ пайдасы жоқ", - деді Александр Галицкий.

Облыстық ТЖД Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі Қостанай-2 теміржол көпірі ауданындағы жылжымалы сорғы станциясы еріген қар суының көлемін айдауға шамасы келмейтінін хабарлады. Бұл жағдай бойынша облыстық су тасқынына қарсы штабқа сағат 18.00-де хабарлама түскен, бір сағаттан кейін мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына барып, еріген суды сорып алуға кіріскен.

Қазіргі уақытта жұмыс жалғасып жатыр. Оған жеке құрамның 6 адамы, 1 ПНС -110, 2 өрт сөндіру автоцистернасы жұмылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети