22 шілде 2016 11:33

ҚР Бас прокуроры қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына неліктен сенбейтінін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Бас прокуратура баспасөз қызметінен © Бас прокуратура баспасөз қызметінен

Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов ведомствоның кеңейтілген отырысында құқық қорғау органдары және соның ішінде прокурорлар туралы өз пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов ведомствоның кеңейтілген отырысында құқық қорғау органдары және соның ішінде прокурорлар туралы өз пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шағым қылмыскерлердің жақындары мен достарынан, үйде отырып сынаушылардан және де бос сенделіп жүргендерден түсуде. Ең қызығы, негізгі, мемлекеттік компания қызметкерлерінен түсіп жатыр. Алайда көп шағымның көп бөлігінің негізі бар. Осының бәрі қоғамдық пікірді қалыптастырады. Неге солай?". - деп әріптестеріне қарата сөйледі бас прокурор.

Асанов қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына, сондай-ақ прокуратураға сенбестік танытуының бірнеше себебін айта кетті. 

"Әлсіз кадр - бұл көптеген мемлекеттік органдардың басты проблемасы, прокуратура да сол тізімде. (...) Кімді болса, соны алып жатырмыз. Жақында бұрыңғы прокурор Сәметов ескі формасын киіп, кәсіпкерді 3,5 миллионға "лақтырды". Міне осындай адам 7 жыл бойы прокуратурада қызмет еткен. Мұндай адамдар жұмысқа қалайша алынған?" - деген сұраққа бас қатырды Жақып Асанов. 

Мұндай үміткерлерді жұмысқа алудың себебі - қызметке тұрғызу жүйесінің дұрыс еместігінен деп атап өтті ол. Бұрынғы жүйе бойынша үміткердің жеке және іскерлік қасиеттерінің қандай екендігін анықтау өте қиын. Барлығы адами факторға байланысты", - деп санайды ҚР бас прокуроры.

Ол, кадр тартудағы төрт құралдың таныстырылғандығын айта кетті.

"Енді үміткер екі эссе жазатын болады. Біреуі өзінің өмірлік тәжірибесі туралы, екіншісі - берілген тақырыпта. Сонымен қатар ол кейстік тапсырмалар орындауы қажет және де психологиялық сынақтан өтуі керек. Осылайша, біз үміткердің IQ деңгейін және ол туралы барлық ақпаратты білетін боламыз. Барлық осы процедураны Ғаламторға жүктедік", - дейді бас прокурор. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети