ҚР Білім және ғылым министрлігі әлеуметтік желілерде таралып жатқан жалған мәлімет туралы ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Білім және ғылым министрлігі әлеуметтік желілерде таралып жатқан жалған мәлімет туралы ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, "Қазақ тілі", "Қазақ әдебиеті", "Қазақ тарихы", "Лингвистика" және "Шығыстану" мамандықтарының Классификатордан шығарылғаны бойынша мәліметтер шындыққа жанаспайды.
Министрлік өкілдері мән-жайды анықтау үшін органдарға хабар береді. "ҚР БҒМ бекітілген тәртіпте сәйкес органдарға осы тектес арандатудың алдын алу бойынша шара қабылдау үшін хабар береді", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Еске салайық, осыған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев соңғы уақытта әлеуметтік желілерде тарап жүрген қауесеттерге қатысты мәлімдеме жасаған еді.
"Құрметті ұстаздар, ата-аналар жəне оқушылар! Соңғы кезде сіздер Интернет желісінде ҚР БҒМ-нің мамандықтар классификаторындағы "Қазақ тілі", "Қазақ əдебиеті", "Қазақ тарихы", "Лингвистика", "Шығыстану" сынды мамандықтарды жоғары оқу орындарынан алып тастағаны туралы, немесе ҚР БҒМ "Серпін" жобасының жұмысын тоқтатып, министр Сағадиев еліміздің ЖОО-да ежелгі қазақ тарихы кафедраларын жауып, осы пəннің жүргізілуін доғарғаны туралы ақпаратты кездестіруіңіз мүмкін. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын, сондай-ақ мұндай хабарлардың шындығында неғұрлым көп қазақстандықтарды қисық жолға бағыттап, жалғанға сендіруді көздеген қитұрқы əрекеттер екендігін білген абзал", - деп мәлімдеген еді министрлік өкілдері.