03 мамыр 2016 14:06

ҚР жер заңнамасын бұзғаны үшін 171 субъектіге айыппұл салынған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gorodsadovod.com © gorodsadovod.com

2015 жылы 171 субъектке Қазақстанда жер заңнамасын бұзғаны үшін 169,5 миллион теңге айыппұл салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


2015 жылы 171 субъектке Қазақстанда жер заңнамасын бұзғаны үшін 169,5 миллион теңге айыппұл салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"Ресми статистика мәліметтеріне сәйкес, өткен жылы 187 меншік иесі мен жерді пайдаланушыларға жер заңнамасын бұзғандығы үшін ескертулер берілді, оның ішінде 171 субъекті 169,5 миллион теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада. 

Сонымен, жер заңнамасын сақтау жөніндегі әкімдіктердегі бақылау органдары тарапынан агроөнеркәсіптердегі кешендерге тиесілі жер телімдеріне тексерулер жүргізілді. 2015 жылы және 2016 жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген тексерулер ауыл шаруашылығы мақсатындағы 263,9 мың га жердің тиімсіз пайдаланылғанын анықтады.

2016 жылдың бірінші тоқсанындағы мәлімет бойынша, 7 меншік иесі мен жерді пайдаланушыларға жер заңнамасын бұзғандығы үшін ескертулер берілді, оның ішінде 5 субъекті 106 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Премьер-министрдің сайтындағы мәлімет бойынша, пестицидтер тізіміне ресми енгізілмеген химикаттарды пайдалануға Қазақстан заңнамасы тыйым салады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің агрохимия қызметі мен әкімдіктердің жер инспекциялары жер қыртысы мен оның жағдайын үнемі бақылауда ұстайды. Заңнаманы бұзған жағдайда жерді қайтарып алуға дейінгі қатаң шараны қолданады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети