Қазақстанның Қорғаныс министрлігі ведомствоның ұсталған адамдары туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, ҚР ҚК Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы басшысының орынбасары подполковник Тілеміс Жумказиев осы қызметте 2013 жылдың 1 шілдесінен бері қызметте болған.
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі ведомствоның ұсталған адамдары туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, ҚР ҚК Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы басшысының орынбасары подполковник Тілеміс Жумказиев осы қызметте 2013 жылдың 1 шілдесінен бері қызметте болған.
"ҚР ҚК Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы Қарулы күштерге керек-жарақты мемлекеттік сатып алулармен айналысады. (...) Аталған қылмыстық схемаға бірталай өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының және коммерциялық кәсіпорындардың қатыстылығы тексеріліп жатыр және жедел-тексеру іс-шаралары жалғасып жатыр. Қылмыстық істің жүргізілуіне байланысты басқа да мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды", - деді ҚР ҚМ өкілдері.
Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі 2015 жылы қарашада Қорғаныс министрлігінің, Бас прокуратураның, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің басшыларының меморандумға қол қойғанын еске салды.
"Өз күшіне 2016 жылы 1 қаңтарда енген осы құжат аясында құрылымдар әрдайым сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттеріне жұмыла жұмыс істеп, жемқорлық әрекет деректерін анықтауы тиіс", - деді ведомстводағылар.
Еске салайық, ҚР ҰҚК-нің таратқан ақпаратында жедел-іздеу іс-шаралары барысында ҚР ҚК Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы бастығының орынбасары подполковник Т. Жумказиевтің Қорғаныс министрлігі мен Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары және бірнеше өзара үлестес коммерциялық құрылым басшылары тартылған сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырғандығы анықталды. Қорғаныс ведомствосының конкурстық комиссиясының төрағасы болған Т. Жумказиев аталған кәсіпкерлер мүдделеріне ықпалдастық еткен, өзінің заңға қайшы әрекеттерін жасыру үшін Қорғаныс министрлігі мен Қаржы министрліктері органдарын бақылаушы лауазымды тұлғалардың мүмкіндіктерін қолданған.
8 тамызда подполковник Т. Жумказиевті 20 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ҰҚК Әскери қарсы барлау департаментінің қызметкерлері ұстады. Қозғалған қылмыстық іс шеңберінде қорғаныс және қаржы министрліктерінің 5 лауазымды тұлғасы, ЖШС 4 басшысы ұсталған. Едәуір көлемде отандық және шетелдік валюта алынды.
Жедел-тексеру іс-шаралары жалғасып жатыр.