10 тамыз 2016 18:49

ҰҚК: Қарулы Күштерінің қажеттілігіне бөлінген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысқан ірі қылмыстық топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметі © Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік сатып алу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қажеттілігіне бөлінген бюджеттік қаржыны ұрлаумен айналысқан ірі қылмыстық топтың іс-қимылын анықтап, жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік сатып алу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қажеттілігіне бөлінген бюджеттік қаржыны ұрлаумен айналысқан ірі қылмыстық топтың іс-қимылын анықтап, жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жедел-іздеу іс-шаралары барысында ҚР ҚК  Материалды-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы бастығының орынбасары подполковник Т. Жумказиевтің Қорғаныс министрлігі мен Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары және бірнеше өзара үлестес коммерциялық құрылым басшылары тартылған сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырғандығы анықталды. Қорғаныс ведомствосының конкурстық комиссиясының төрағасы болған Т. Жумказиев аталған кәсіпкерлер мүдделеріне ықпалдастық еткен, өзінің заңға қайшы әрекеттерін жасыру үшін Қорғаныс министрлігі мен Қаржы министрліктері органдарын бақылаушы лауазымды тұлғалардың мүмкіндіктерін қолданған", - делінген ҰҚК хабарламасында.

8 тамызда подполковник Т. Жумказиевті 20 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ҰҚК Әскери қарсы барлау департаментінің қызметкерлері ұстады. Қозғалған қылмыстық іс шеңберінде қорғаныс және қаржы министрліктерінің 5 лауазымды тұлғасы, ЖШС 4 басшысы ұсталған. Едәуір көлемде отандық және шетелдік валюта алынды.

"Аталған қылмыстық схемаға бірталай өзге де мемлекеттік органдар лауазымды тұлғаларының және коммерциялық кәсіпорындардың қатыстылығы тексерілуде. Жедел-тексеру іс-шаралары жалғасуда, олардың нәтижелері қосымша хабарланатын болады", - делінген хабарламада. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети