01 шілде 2017 | 11:08

ҚР Қорғаныс министрлігі Сирияға әскер жіберу туралы ұсынысқа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның қорғаныс министрлігі Сирияға қазақстандық әскерді жіберу мәселесі бойынша сыртқы істер министрлігінің позициясын қолдайды. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері бас штабының басшысы Әділбек Албергенов айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның қорғаныс министрлігі Сирияға қазақстандық әскерді жіберу мәселесі бойынша сыртқы істер министрлігінің позициясын қолдайды. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері бас штабының басшысы Әділбек Албергенов айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Ресейдің қазақстандық әскерлерді Сирияға аттандыру жайлы ұсынысын қарастыра отырып, осыған дейін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми түсінік бергенін хабарлаймыз. Қорғаныс министрлігі ҚР СІМ өкілдері айтқан ресми мәлімдемедегі позицияны ұстанады", - деп хабарлады Әділбек Албергенов.

Айта кетейік, 23 маусымда Қазақстан СІМ өкілдері Сирияға әскерлерді жіберу туралы ешкіммен келіссөздер жүргізіп жатпағанын мәлімдеген болатын. "(...) Қазақстан Сирияға өздерінің әскерилерін жіберу туралы ешкіммен келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Сириядағы төрт аумақтың қауіпсіздігі мен тиімділігі жайлы мәселе қазіргі уақытта талқыланып жатыр. Бұл туралы және басқа да мәселелер туралы Астанада 4-5 шілдеде өтетін кездесу барысында талқыланады", - деп хабарлаған еді ҚР СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов.

Сондай-ақ, осыған дейін мамандар Қазақстан Сирияға әскерлерін жіберген жағдайда не болуы мүмкін екенін айтқан болатын. Саясаттанушы әрі сарапшы Ерлан Қарин бұл мәселеге былай деп пікір білдірген еді. "Мына соңғы хабарға байланысты айтарым, мынадай жағдайда тек қана қазақстандық ресми ақпарат көздеріне жүгінген дұрыс. Кезінде Еуразиялық парламент тақырыбы төңірегінде де солай болған. Ұсынылды, талқыланды деді, ал шын мәнісінде біз тараптан ондай тақырып мүлдем қарастырылмады. Сондықтан, әртүрлі ресми емес акпаратка сене берудің керегi жоқ".

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети