06 қараша 2019 10:40

ҚР ІІМ ҚАЖК басшысының орынбасары тағайындалды

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшысының орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшысының орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Әкімшілігінің келісімімен осы қызметке полковник Саламатов Есқали Амангелдіұлы тағайындалды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ басшылық құрамына ҚАЖК басшысының жаңа орынбасарын таныстырды. 

Реклама
Реклама

Есқали Саламатов 1971 жылғы, Құқық қорғау органдарында 1994 жылдан бері қызмет етіп келеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Әр жылдары ішкі істер органдары, қылмыстық-атқару жүйесі бөлімшелерінде, Президент Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінде жұмыс істеді. ҚАЖК төрағасының орынбасары, МҚІСҚА және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменттерінің басшылары лауазымдарын атқарды.

ІІМ басшысы пенитенциарлық жүйені жетілдіру - ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша жол картасы бағыттарының бірі. "Барлық проблемалар туралы бізге белгілі, бұл ескі колониялардың мұрасы, сотталғандарды ұстау жағдайлары, босатылғаннан кейін қайта әлеуметтендіру, олардың құқықтарын қамтамасыз ету, азаптау фактілері, сыбайлас жемқорлық және т.б. Комитет басшылығының алдында маңызды міндеттер тұр, оларды шешу қылмыстық-атқару жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатады және азаматтардың сенім деңгейін арттырады", - деді Тұрғымбаев.

Дархан Қанатбеков Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалғаннан кейін алты айдан соң қызметінен босатылды. 

Осыған дейін, Санжар Әділов ІІМ тергеу департаментін, ал Оңал Бекиев көліктегі полиция департаментін басқарғаны айтылды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram