ҚР ІІМ өкілдері айыппұлдың жартысын ғана төлеу жолдарын түсіндірді

26 Мамыр 2017, 14:29
0
ҚР ІІМ өкілдері айыппұлдың жартысын ғана төлеу жолдарын түсіндірді -

Қазақстанда егер жол жүру ережесін бұзған жүргізуші айыбымен келісіп, айыппұлды жеті күн ішінде төлесе, оның жартысын ғана төлеу мүмкіндігі заң бойынша қарастырылған. Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің жауабында осылай делінген. Сонымен бірге, бұл мүмкіндікті жүргізушілердің үштен екісі пайдаланатын болып шықты. 

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, мұндай мүмкіндік ҚР Әкімшіліқ құқық бұзушылық кодексінің 810-811 бабында көрсетілген. 2016 жылы осындай жолмен 7 миллиард 738 миллион теңгенің айыппұлы төленген. Бұл төленген жалпы айыппұлдардың 59 пайызын құрайды. Ал 2017 жылдың алғашқы тоқсанында осындай жолмен 1 миллиард 572 миллион теңгенің айыппұлы төленді, бұл жалпы айыппұлдардың 43 пайызы. 

Ведомство өкілдері мұндай жеңілдік қандай заңбұзушылықтарға қатысты еместігін атап берді:

1) баптағы санкция бойынша өндірудің басқа түрлері қарастырылса;

2) кәмелетке толмаған тұлға заң бұзғанда;

3) басымдығы мен иммунитеті бар тұлғалар заң бұзғанда;

4) мемлекеттік кіріс органдары қарастыратын әкімшілік заң бұзушылықтар үшін;

5) әкімшілік заң бұзушылықты автоматты түрде істеп тұрған сертификацияланған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құрылғылары тіркеген жағдайда.

Айта кетейік, ҚР ӘҚБК-ның 811-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзылғанда қызметтік тұлға оқиға орнында хаттама толтырып, айыппұл жеті күн ішінде төленсе, жартысы ғана төленетінін түсіндіреді. Ары қарай хаттаманың көшірмесін жүргізушіге береді. Айыппұл жеті күн ішінде төленсе, іс қаралған болып есептеледі. 

ІІД өкілдері айыппұлдың үкімет пайдасына төлену керектігін еске салады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай