29 тамыз 2017 17:45

ҚР ОСК төрағасының орынбасары сайланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© election.gov.kz © election.gov.kz

29 тамызда Ортсайлауком отырысында комиссия мүшесі Петров Константин Викторович ротация тәртібімен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


29 тамызда Ортсайлауком отырысында комиссия мүшесі Петров Константин Викторович ротация тәртібімен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін 10 жылдан астам уақыт бойы Ортсайлауком Төрағасының орынбасары болған Фоос Владимир Карлович комиссиядағы қызметін ОСК мүшесі ретінде жалғастыра береді.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 11 бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы ОСК отырысында сайланады.

Константин Петров - 1969 жылы Ақтөбеде туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын химия, биология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Ақтөбедегі № 3 орта мектебінің химия және биология пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейінірек осы мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған. Сондай-ақ Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлық бөлімінің меңгерушісі, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болған. Түрлі жылдарда "Казхром" АҚ әкімшілік-шаруашылық қызметі мен көгалдандыру цехы бастығының орынбасары, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, облыстық Ішкі саясат басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 2009 жылдан бері облыс әкімі аппаратының басшысы болды. Ал 2016 жылы Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесі болып тағайындалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети