03 наурыз 2015 | 12:53

ҚР Президенті Іс басқармасы отандық автокөліктерді үш есе жиі сатып алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

ҚР Президентінің Іс басқармасы 2014 жылы көлік сатып алуға қарастырылған қаржының 75 пайызын қазақстандық автокөліктерге жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы өткен жылғы жұмыстардың қорытындысы талқыланған отырыста Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы Абай Бисембаев хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Президентінің Іс басқармасы 2014 жылы көлік сатып алуға қарастырылған қаржының 75 пайызын қазақстандық автокөліктерге жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы өткен жылғы жұмыстардың қорытындысы талқыланған отырыста Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы Абай Бисембаев хабарлады.

Оның айтуынша, соңғы екі жылда ұйым автопаркінің шығындары үнемделді. Әсіресе, GPS-мониторинг жүйесінің арқасында автокөліктердің жалпы жүрісі 26 пайызға қысқарды. Сонымен қатар, қызметкерлерге кететін шығын да азайды. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың штаттық саны соңғы екі жылда 1401-ге дейін оңтайландырылды. Бұдан бөлек, соңғы төрт жылда электрді 22 пайызға үнемдеп, судың шығынын үштен бір бөлікке азайтуға қол жеткізілді. "Президент Іс басқармасы ауруханаларының медициналық орталықтарына 154 медициналық инновациялық технология орнатылды, олардың ішінде хирургиялық (38,4 пайыз), диагностикалық (40,6 пайыз) және терапевтік (21 пайыз) құрылғылар бар. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мемлекеттік тапсырыс алуға айрықша құқық беретін медициналық қызмет сапасын аккредиттеу ұлттық сертификаты алынды. Кардиология, гастроэнтерология және травматология салалары бойынша инновациялық патентке ие болған бес бірегей технология енгізілді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, соңғы кездері республика бойынша қазақстандық автокөліктерге сұраныс едәуір азайды. Бұл қазақстандықтар үшін ресейлік автокөлік өнеркәсібін тартымды еткен рубльдің құнсыздануымен байланысты. Жергілікті автодилерлер көліктерін өздеріне шығын келтіріп сатуға тура келіп жатқанын айтып шағымданған болатын. Жалпы қазақстандық автокөліктер сұранысы 62,21 пайызға төмендеді. Оның үстіне ішкі нарықта қазақстандық автокөліктердің саудасы 12,04 пайызға азайды. Ұлттық өндірушілердің саудасы 25,1 миллион доллар болды, бұл көрсеткіш - 2014 жылға қарағанда, 55,96 пайызға төмен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети