Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанда автокөлік сатылымы екі айда 40 пайызға азайды

23 Ақпан 2015, 13:42
0
©РИА Новости
©РИА Новости

Қазақстанда автокөлік сатылымы екі айда 40 пайызға азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұйымның мәліметінше, қаңтар айында жаңа автокөліктердің саудасы 30 пайызға құлдыраған. Нарықта ресми түрде 7774 дана жеңіл және жүк көлігі сатылыпты. ҚАБҚ өкілдері сауда-саттықтың азаюын рубль бағамының құлдырауына байланысты қазақстандық нарыққа Ресейден арзан автокөліктердің алып келініп жатқанымен байланыстырады. 

Сонымен қатар, елімізде құрастырылған автомобильдердің де сатылымы азайды - қаңтардағы құлдырау көрсеткіші - 62,21 пайыз. Оның үстіне ішкі нарықта қазақстандық автокөліктердің саудасы 12,04 пайызға азайды. Ақша эквивалентінде есептегенде 2015 жылдың басынан бері жаңа автокөліктердің саудасы 11,53 пайызға қысқарған - 205,7 миллион долларға көлік құралдары сатып алынған. Ұлттық өндірушілердің саудасы 25,1 миллион долларға көлік сатқан, бұл көрсеткіш - 2014 жылға қарағанда, 55,96 пайызға аз. Шетел брендтерінің ішінде Toyota маркасы көш бастап тұр.

Ал коммерциялық мақсаттағы автокөліктердің сатылымы 40,69 пайызға төмендеді. Бұған қарамастан, автобустар мен ірітоннажды жүк көліктерінің саны артқан.    

Осыған дейін Қазақстанда отандық автокөлік сатылымының құлдырағанын Үкіметтің Ақордадағы кеңейтілген отырысында Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлімдеген болатын. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев отандық автоөндірушілерді қолдау мақсатында 20 миллиард теңгенің бөлінетінін хабарлады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай