27 ақпан 2015 | 16:10

ҚР Президенті сайлауы: Үміткерлер 93 мың қол жинауы керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті болуға үміткерлер 93 мың қол жинауы тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізу жөнінде төрт қаулы қабылданды. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті болуға үміткерлер 93 мың қол жинауы тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізу жөнінде төрт қаулы қабылданды. 

ОСК президенттіктен үміткерлер жинауы тиіс рас қолдардың саны 93 мың 12-ден кем болмауы тиіс деп бекітті. "Қолды үміткерлердің сенімді өкілдері жинайды. Қол жинау жөніндегі топтардың саны мен құрамына шектеу қойылмайды", - деді ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов. 

Бұған қоса, Орталық сайлау комиссиясы бүгін президенттікке үміткерлердің мемлекеттік тілді еркін меңгеру деңгейін анықтайтын лингвистикалық комиссия құру жөнінде шешім қабылдады. Сонымен бірге, қол қою қағаздарын беру және үміткерлерге арналған қолдың растығын тексеру мерзімін қысқарту туралы шешім қабылданды. ОСК қол қою қағаздарын үміткердің ҚР "Сайлау туралы" Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сай келетіні тексерілгеннен кейін екі күнтізбелік күн ішінде беріледі. 

26 ақпанда халықаралық байқаушыларды аккредиттеу басталды, ол 20 сәуірде аяқталады. ОСК өкілдері халықаралық байқаушыларға арналған сауалнама мәтіні бекітілгенін хабарлады. Бүгін ОСК-да БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз орталығы ашылды. 

Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткерлерді ұсыну уақытының осы жылдың 26 ақпанында басталғанын және 15 наурызда аяқталатынын мәлімдеген еді. Кандидаттарды ұсынуға белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктер құқылы, сондай-ақ азаматтардың өзін-өзі ұсынуына да болады. Үміткерлердің үгіт-насихат науқаны осы жылдың 26 наурызынан 24 сәуір күнгі сағат 00.00-ге дейін созылады.

Еске сала кетейік, 25 ақпан күні Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын 2015 жылдың 26 сәуірінде өткізу туралы жарлыққа қол қойған еді. Мемлекет басшысы бұл сайлауға өзінің қатысуы туралы шешімді сәл кейінірек қабылдайтынын мәлімдеді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети