25 ақпан 2015 20:08

Қазақстан Президентінің сайлауы 26 сәуірде өтетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сәуіріне белгіленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған үндеуінде айтты, үндеу СТВ телеарнасынан трансляцияланды. 


ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сәуіріне белгіленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған үндеуінде айтты, үндеу СТВ телеарнасынан трансляцияланды. 

"Бүгін мен Парламент Сенаты мен Мәжілісінің жетекшілерімен, ҚР Премьер-министрімен және ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасымен консультациялар өткіздім. Президенттік және парламенттік сайлаулардың күнтізбелік мерзімі 2016 жылға сәйкес келеді және іс жүзінде бірігіп кетеді. Конституция бұған рұқсат етпейді. Менің конституциялық өкілеттігім де 2016 жылы бітеді", - деді Назарбаев. 

Оның айтуынша, халық екі ұсыныс айтып жатыр - Президенттің кезектен тыс сайлауын өткізу және Президенттің өкілеттігін ұзарту жөнінде референдум өткізу. "Екі ұсынысты да іске асыруға болады, бірақ анағұрлым дұрысы - Конституция талаптарына сай келетіні - сайлау өткізу. Сондықтан халықтың мүддесі үшін, олардың маған арналған ұсынысын ескере отырып, көпшіліктің еркі бойынша, негізгі заңды мүлтіксіз орындау мақсатында мен Конституцияның 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес, кезектен тыс президент сайлауын өткізуді 2015 жылдың 26 сәуіріне белгілеу туралы Жарлыққа қол қойдым", - деді Назарбаев. 

Елбасы өзінің алдағы сайлауға қатысуы туралы шешімді Конситуция мен елдің заңдарына сәйкес сәл кейінірек қабылдайтынын айтты.

"Мемлекеттің тыныштығы мен елдің бірлігін сақтап, дамыту Президенті бастап, елі қостаған кезде ғана баянды болмақ. Жауапкершілік бүкіл халыққа да жүктеледі. Осыны ұмытпайық. Алдағы биік белестер мен асқар асулар үшін біз барлық кедергілерді бағындырып, алға басуға тиіспіз. Құзырлы органдар Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасы еліміздің Конституциясына және Сайлау туралы заңға сай деген қорытынды шығарды. Мен сайлауға қатысты "иә" мен "жоқты" мұқият ой таразысына салдым. Сөйтіп, кезектен тыс Президент сайлауын өткізген жөн деген пайымға келдім. Сайлау елімізді ұлы істерге ұйыстырып, баянды болашақ жолында біріктіре түсеріне сенемін. Қазақстандықтарды ел тарихындағы тағы бір тағдырлы оқиғаға жауапкершілікпен қарап, белсене қатысуға шақырамын", - деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, 14 ақпан күні Қазақстан халқы ассамблеясының Кеңесі өз отырысында Қазақстан Президенті сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы азаматтардан келіп түскен көптеген өтініштерді бірауыздан қолдап, бұл туралы бастама көтерген еді. Ассамблея Кеңесі мүшелерінің пікірінше, әлем экономикасындағы дағдарыстың өршіп тұрған жағдайында кезектен тыс президент сайлауын өткізу республикаға "Нұрлы жол" бағдарламасы мен ел дамуының ұзақмерзімді даму басымдықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.

Кезектен тыс сайлау өткізу туралы бастаманы Қазақстан Парламенті қолдады, Мәжіліс пен Сенат депутаттары Мемлекет басшысына сайлауды өткізуге келісім беруді сұрап, өтініш жолдады. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңестен республика Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағын ресми түсіндіріп беруді өтінді, бұл тармақта Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу мәселелерін регламенттеледі. ҚР Конституциялық кеңесі Президенттің кезектен тыс сайлауды тағайындауына еш кедергі жоқ екенін мәлімдеді. Елбасының Президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы шешім қабылдауына республика Конституциясы қандай да бір шарттар мен шектеулер қарастырмайды. "Мұндай сайлау тағайындау туралы шешім қабылдағанда Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-тармағында қарастырылған Қазақстан Президентінің сайлауы мерзімі жағынан республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс деген ереже ескерілуі керек", - делінген Конституциялық Кеңестің Сенатқа қайтарған жауабында. 

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу мүмкіндігін Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталары спикерлерімен бірге талқылады. Мемлекет басшысы бұл бастаманы ел-жұрт, соның ішінде еңбек ұжымдары мен қоғамдық бірлестіктер мүшелері, зиялы қауым, жастар және аға буын талқылап жатқанына тоқталды. "Бастаманы Парламент палаталары да қарап, қолдау білдірді және маған тиісінше үндеу жолдады. Парламент Сенатының сұрауы бойынша Конституциялық Кеңес осы мәселе жөнінде нормативтік қаулы қабылдады", – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президенттік сайлау өткізу мүмкіндігі жөнінде ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен және Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Роговпен де кеңесті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети