25 ақпан 2015 14:25

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысуға азаматтардың 82 пайызы дайын - сауалнама

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Kaspiy.az ©Kaspiy.az

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы "DEMOSCOPE" қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтарының арасында "Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауының өткізілуі" тақырыбында сауалнама жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы "DEMOSCOPE" қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтарының арасында "Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауының өткізілуі" тақырыбында сауалнама жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сауалнамаға Астана, Алматы қалаларынан және Қазақстанның 14 облыс орталығынан 18 жастан асқан 2081 адам қатысты. Олардың 68 пайызы - әйелдер және 32пайызы - ер азаматтар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сұрақ қою әдісі - телефон арқылы жүргізілген сұхбат және онлайн-сауалнама. Сауалнама 2015 жылы 16-20 ақпан аралығында жүргізіліпті. "Респонденттердің 82 пайызы мерзімінен бұрын өткізілетін президент сайлауына қатысуға дайын екенін айтып, жауап берді. 11 пайызы сайлауға қатыспайтынын айтса, 7 пайызы нақты шешімдерімен бөлісе алмады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Экспресс-мониторинг жүргізу бюросының өкілдері сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 57 пайызы Қазақстан халқы ассамблеясының Кеңесінде ұсынылған президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу идеясын қолдайтынын айтады. Дауыс берушілер соңғы уақыттағы ішкі келеңсіз оқиғаларды ескерсек, бұл идея Қазақстанда экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайды тұрақтандырады деп сенеді. Ал респонденттердің 19 пайызының пікірінше, сайлау белгіленген уақытында, яғни 2016 жылы өткізілуі тиіс. Сауалнамаға қатысушылардың 13 пайызы бейтарап пікірді ұстанады. Олардың ойынша, сайлаудың қай уақытта өткізілетіні маңызды емес. Қалған 11 пайызы бұл сұраққа нақты жауап бере алмады.

Келесі сауал үміткерлерге арналды. "Мерзімінен бұрын өткізілген президент сайлауында кімге дауыс берер едіңіз?" деген сұраққа респонденттердің 74 пайызы "қазіргі биліктегі Президентке" деген жауапты таңдады. Отандастарымыздың
6 пайызы қазіргі Президенттің саясатын жалғастыратын үміткерге, 6 пайызы ел дамуының балама жолын ұсынған тәуелсіз үміткерге дауыс бермекші. Қалған 14 пайызы кімге дауыс беретіндерін әлі анықтаған жоқ.

Зерттеуге қатысқан қазақстандықтардың 60 пайызы Қазақстандағы сайлау жүйесін тәуелсіз әрі ашық деп санайды. 14 пайызы бұл пікірмен келіспейді. Олардың ойынша, Қазақстанда ашық әрі демократиялы сайлау өткізілмейді. Ал респонденттердің 11 пайызын саясат қызықтырмайды екен. Қалған 15 пайызы болса, бұл сұраққа нақты жауап бере алмайтынын жеткізді. 

"Сауалнама қорытындысы біздің қоғамдағы сыртқы факторлар (Украинадағы қақтығыс) мен экономикалық дағдарыс нәтижесінде күшейген патернализмнің (қамқоршылдық) кең таралғандығын көрсетеді. Сонымен қатар,
Қазақстанның жаңа тарихында ұзақ уақыт бойы билік ауыспағандығы зерттеу қорытындысына әсер еткені ақиқат", - дейді сауалнаманы ұйымдастырушылар.

Еске салайық, 14 ақпан күні Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесі өз отырысында азаматтардан келіп түскен Қазақстан Президенті сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы көптеген өтініштерді бірауыздан қолдап, бұл туралы бастама көтерген еді. Бұл бастаманы елдегі саяси партиялар мен Парламенттің қос палатасының өкілдері толық қолдап, Президенттен кезектен тыс сайлау өткізуге рұқсат беруді сұрады. Конституциялық Кеңес ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауды тағайындауына заң бойынша еш кедергі жоқ екенін мәлімдеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети