ҚР СІМ қазақстандық қаза тапқан террористік шабуылға қатысты мәлімдеме жасады

22 Қаңтар 2018, 12:10
0
ҚР СІМ қазақстандық қаза тапқан террористік шабуылға қатысты мәлімдеме жасады - © ҚР СІМ баспасөз қызметі
© ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанның Қабыл қаласында болған террористік шабуылға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдері Қазақстанның Қабылдағы Intercontinental қонақүйінеқонақ үйінде бейбіт халықтың, сондай-ақ Ауғанстанға бейбіт мақсатпен келген шетел азаматтарының өліміне алып келген террористік әрекетті қатаң айыптайтындарын айтады.

"Аталған қатыгез және өрескел әрекет Ауғанстан үшін ғана емес, осы елдегі бейбітшілік пен дамуды қалпына келтіруге атсалысып жатқан барлық халықаралық қауымдастық үшін қауіп-қатерлер болып табылады. Қазақстан Ауғанстандағы терроризм мәселесін түбегейлі шешу үшін жедел шаралар қабылдау қажеттілігін толық жауапкершілікпен мәлімдейді.

Қазақстан Ауғанстандағы барлық саяси күштерді ұлттық татуласу бойынша келіссөздер жүргізуге шақырады.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде және ұлттық негізде Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға, терроризмді басуға және елді қалпына келтіруге жан-жақты жәрдем көрсетуді жалғастырады", - делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының қаңтарда қабылдаған мәлімдемесі халықаралық қауымдастықты осы елдегі саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатында Ауғанстанға қолдау көрсетуге шақыратыны айтылады.

"Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, сондай-ақ жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуін тілейміз", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер.

Осыған дейін 21 қаңтарда Кабулдағы Intercontinental қонақүйіне содырлардың шабуыл жасап, Қазақстанның 1978 жылғы азаматының қаза тапқаны хабарланған болатын.

Еске салайық, 20 қаңтарда кешкі уақытта содырлар Intercontinental Hotel қонақүйіне басып кірген. Tolo News телеарнасына сілтеме жасаған РИА Новости мәліметінше, 18 сағат бойы жалғасқан шабуыл тоқтатылған. Нәтижесінде 126 адам құтқарылған, олардың 41-і шетелдік. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай