ҚР СІМ Мексикада болған зілзаладан зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр. - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР СІМ Мексикада болған зілзаладан зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр. - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі уақытта елшілікке Мексикада болған зілзаладан зардап шеккендердің немесе қаза болғандардың ішінде қазақстандықтардың бар екені жайлы мәлімет келген жоқ. Осыған байланысты елшіліктегілер сабыр сақтап, жергілікті биліктегілердің кеңестерін тыңдауды сұрайды", - деді ҚР СІМ өкілдері.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, Мексикада болған жойқын зілзаладан 149 адам қаза тапты.
Еске салайық, 19 қыркүйекте Мексикада магнитудасы 7,1 балл жер сілкінісі болған. Зілзаланың жер ошағы Пуэюда-де-Сарагоса қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 49 шақырымда және Тепеохума елді мекенінен сегіз шақырымда тіркелген. Жойқын сілкіністі Мехико тұрғындары да сезген.
Мехиконың азаматтық қорғаныс министрі Фаусто Луго жер сілкінісінен кейін қираған және өртенген үйлер жайлы хабарлады, қиранды астында адамдар қалып қойған. Көптеген ауданда жол қозғалысы шектелген, ұзын-сонар кептеліс пайда болған. Мехиконың Бенито Хуарес атындағы халықаралық әуежайы жұмысын тоқтатты. Төрт миллионға жуық тұтынушы жарықсыз қалған.
Бұл осы айда болып отырған екінші жойқын жер сілкінісі екенін де айта кетейік. 7 қыркүйекте 8,2 балл болатын жер сілкінісі тіркеліп, оның салдарынан 200-ге тарта адам қаза тапқан еді.
Ал жергілікті тұрғындар апат салдарын суретке және видеоға түсіріп, жариялап жатыр.
Mexico City during the earthquake. pic.twitter.com/udERTj2Scs
— Jorge Guajardo (@jorge_guajardo) 19 сентября 2017 г.
Mexico City after earthquake. pic.twitter.com/5bnzN2EDHT
— Jorge Guajardo (@jorge_guajardo) 19 сентября 2017 г.
Mexico City after earthquake. pic.twitter.com/qd3VeLslAf
— Jorge Guajardo (@jorge_guajardo) 19 сентября 2017 г.